«Керімағаш – Арасан ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтана » "Керімағаш-Арасан ауылындағы орта мектебі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Керімағаш-Арасан ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Керімағаш – Арасан ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтана
17
октябрь
2022

«Керімағаш – Арасан ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтана

«Керімағаш – Арасан ауылындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтанатты жиынына

2022-2023 оқу жылының басталуына орай қыркүйектің бірінші күні «Керімағаш-арасан ауылындағы орта мектебі» КММде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым -Жомар Кемелұлы Тоқаев 2022 жыл балалар жылына орай, «Балаларға ерекше назар аудару керек, себебі олардың амандығы -мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» атты ұранын басшылыққа ала отырып,білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтанатты жиын тұжырымдамаға сайкес өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы ісшара жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестірілді.
Салтанатты жиынға қатысушылар «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» МКҚ кәсіпорының директоры Мұратхан Әлдибекұлы және ата-аналар кеңесінің мүшелерімен 1 сыныптың ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Болат Ербол қатысты. Келген қонақтар өз құтықтауларымен жылы лебіздерін білдірсе, алғашы білім күнін қорытындылай келе, мектеп директоры Б.Н.Маямерова мектеп ұстаздары мен оқушыларға жаңа оқу жылымен құттықтап, шығармашылық табыстар, ал, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тіледі. ДОІЖО Г.Рыскулова жаңа оқу жылының басталу бұйрығымен таныстырып өтті. Салтанатты ісшарада мектебіміздің өнерпаз оқушылары өз ән билерін тарту етті. ектептің
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді
Мектебімізде жоспар бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру
. - Бірінші сыныптың сынып жетекшісі Умирбекова Нурбике «Менің мектептегі алғашқы күнім» тақырыбында, 2-4 сыныптардың жетекшілері Кумарбекова Гулжан, Утегенова Мейраш,Амиржан Балауса «Менің жарқын жазғы оқиғаларым» тақырыбында, 5-8 сыныптың жетекшілері Жаңаберді Гулдана, Сакиева Толунай, Толымбеков Нұргелді, Қоғамбекова Жадыра «Менің саяхатым» тақырыбында, 9-11 сыныптарды жетекшілері Бекбаева Лаззат ,Мукажанова Мерует, Асанова Асел «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім» тақырыбында сынып сағаттарын өз денгейінде өткізілді. Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылды және балалар жазғы демалыстан алған өз әсерлерімен бөліссе сынып жетекшілер заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды және ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың оқуғадеген қызығулылықтарын оятыпқана қоймай мектепкедеген оң көз қарас қалыптастыра алды. Өткізілген сынып сағаттарына мектеп әкімшілігі бақылау және қадағалау мақсатында қатысты.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайнакциясы бойынша
- барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;
- Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;
- 2-4 сыныптарға арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», 5-8 сыныптар үшін – «Менің саяхатым»,9-11 сыныптар үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі», сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!». тақырыптарында бейнероликтер түсіріліп Bilim_quni хэштегімен әлуметтік желілерге жүктелді. Салтанатты жиында оқыс оқиғалармен келеңсіз жағдайлар орын алмады.