Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес » "Керімағаш-Арасан ауылындағы орта мектебі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Керімағаш-Арасан ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес


Керімағаш – Арасан ауылындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ХАТТАМА
Қатысқаны – 25
ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕ:
1. 1 Мәселе ; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңымен таныстыру Хабарламашы мектеп директоры Б.Н Маямерова.
2. 2 мәселе: 12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық
бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк .Хабарламашы ДТІЖО Ұ.Т.Жанұзақ

ТЫҢДАЛДЫ:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Н.Маямерова 1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
2-бап. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
3. Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.
3-1. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.07.23 № 454 (2000.01.01 бастап күшіне енеді), 2001.06.08 № 206, 2003.09.25 № 484, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 № 425-IV алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілегенін басаайта келе 2021-2022 оқужылында мектепте ұстаздар және ата-аналар мен оқушылар арасындаақша жинауғақатаң тиім салатындығын ескертті
Жарыс сөз: Тарих пәнінің мұғалімі М.Мукажанова мерует бірінші мәселе бойынша сөз алып өз сөзінде мектеп директоры Б.Н Маямерованың айтқандарын қолдайтынын және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайтындығы тұралы өз ойын толық жеткізді
ШЕШІМ:
1. Хабарламашы Б.Н.Маямерованың хабарламасы назарға алынып, қанағаттанарлық деп табылсын;
2. Мектепішінде ұстаздардан және оқушылар мен ата-аналардан ақша сондй ақ үлкен көлемде сйлық алуға қатаң тиым салынсын
Екінші мәселе бойынша. 12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық
бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк .Хабарламашы ДТІЖО Ұ.Т.Жанұзақ Ұ.Т.
«1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:
1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;
10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.04.28 № 46, 2003.09.25 № 484, 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 № 551-IV алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілгенін айтакелеөзсөзінтамандады

Жарыс сөз орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Н. Рыскулова сөз алыды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуді әр адам өзіннен бастау керекекенін айта келе мектеп тәртібінебағынып оқушылапрдан ақшажинауға болмайтындығын ата-аналарғада ескертетінін айтты

ШЕШІМ:
1. Хабарламашы Ұ.Т. Жанұзақтың хабарламасы назарға алынып, қанағаттанарлық деп табылсын;
Қаулы: 1. Мектеп қабырғасында ұстаздарарасында оқушылардан және ата-аналардан ақша жинауға қатаң тиім салынсын
2 Ұстаздар арасында сыйлық алуға және сыйлық беріуге жол берілмесін
3 Оқушылар арасында бір-бірінбопсалап ақша жиналмауықатаң назарға алынсын

Төраймы Б.Н Маямерова
Хатшы Ж.М Когамбекова